Бүгін ауданның 100 жылдығы қарсаңында Мақат кентінің «Береке» көшесіне спорт алаңы пайдалануға берілді.
Спорт алаңын аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Орынбасарұлы салтанатты түрде ашып, ауданда спорттық инфрақұрылымның халыққа барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.
Өз кезегінде тұрғындар да аудан әкімдігініне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, аталған спорт алаңында қоршалған бір баскетбол алаңы, 10 дана спорттық транажерлар, орындықтар және жарық шамдары орнатылған.
Б.АСХАТҚЫЗЫ