Сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек

(0 Votes)

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Оған аудан тұрғындары да бір кісідей атсалысып, белсенділік танытқан болатын. Әр біріміз қалыс қалмай, қазақстан азаматы ретінде өз дауысымызды бердік. Енді әрбір деңгейде сайланған депутаттар сенімімізді ақтап, жаңа өзгерістер әкелсе дейміз. Себебі, халық та сөзбен емес, іспен көшетін кезді күтуде. 

Десе де, соңғы уақытта мемлекетіміздегі оң өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттыра түскендей. Сол секілді ендігі жерде де ел болашағына бей-жай қарамайтын ұлтжанды, жанашыр халық қалаулылары жаңа серпін пен өзгерістер әкелсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ, депутаттар елдегі көптеген мәселелерді шешуде адал әрі әділ түрде жұмыс жасаса, жаңа ұмтылыстарға жететініміз анық.

Сәбит Халенов,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT