Ел болашағын айқындайтын кезең

(0 Votes)

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау – еліміздегі саяси реформалардың жалғасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Былтырғы референдумда халқымыз бұл реформаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде еліміз өкілді билікті жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша жасақтауға көшті»,- деп атап өткен болатын.

Күні кеше өткен саяси науқанда мен аудандық мәслихат депутаттығына “AMANAT” партиясы атынан №4 сайлау округі бойынша үміткер ретінде тіркеліп, өз бағымды сынадым.

Аудандық жастар ресурстық орталығында басшы қызметін атқарып жүрген уақытта, бұл салада түйіні шешілмеген мәселелердің барын білдім. Сол себепті бұл бағыт бойынша азды-кемді тәжірибем болғандықтан, оны шешу үшін осы жолды таңдадым.

Бүгінгі күн - біздің уақыт, біздің мүмкіндік деп білемін. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап жатыр деп айтамыз. Ал ол шын мәнінде қалай жүзеге асып жатыр? Міне, менің сайлауалды бағдарламам жастар саясатын дамытуға бағытталған болатын. Бағдарламамда олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, “Neet” санатындағы жастарды жұмысқа орналасуына жағдай жасау, қоғамдық жұмыстарға тарту сынды көптеген жоспарларым тізбектелді. Ең бастысы, менің мақсатым - қоғамның дамуы мен өркендеуіне елдің азаматы ретінде өз үлесімді қосу.

Бұл күні мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл – ең алдымен ел болашағын айқындайтын кезең. Сайлау заң талаптарына сай әділ өтті деп есептеймін. Мемлекетіміздің кемел болашағына сенейік!

Есімхан Табылдыұлы,

аудандық мәслихат депутатына үміткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT