Сот қызметкері "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталды

(0 Votes)

Азаматтардың құндылықтары, бостандықтары, құқықтары мен міндеттері көрсетілген Ата Заңның қабылданғанына биыл 25 жыл.

Осыған орайда әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында халық үшін қарымды еңбек атқарып жүрген сот саласының саңлығы марапатқа бөленді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысынан аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Сәулеш Сағынова III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сәулеш Әлжанқызының ауданда халықтың заң тұрғысындағы сауаттылығын арттыруда атқарып жүрген еңбегі ерен. Мереке қарсаңында сот маманы лауазымдық міндетін үлгілі әрі адал орындағаны үшін және жұмыста қол жеткен табыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін марапат биігінен көрініп отыр.

Қазақстанның сот жүйесі жыл сайын жаңарып келеді. Тың жаңалықтар мен жаңа реформалар енгізілуде. Мамандар біліктілігі басты назарда. Бұл саладағы жұмыстың ілгерілеуі де сот қызметкерлерінің кәсіпқойлығына байланысты. Осы жолда еліміздің дамуы мен қалыптасуына және ел егемендігінің нығаюына қосқан сот саласы мамандарының үлесі зор екені анық. 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT