Жыл басында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, оның ішінде мас күйінде көлік басқару құқық бұзушылығына байланысты жаза қатаңдатылған болатын. Алайда, заң талабы күшейтілсе де ішімдік ішіп көлік жүргізетіндердің қатары азаймай отыр.
Аудандық сотқа жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген, яғни, мас күйінде көлік басқару құқық бұзушылықтарына байланысты 19 әкімшілік іс түскен болатын.
Жақында аталмыш бап бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай азамат М. автокөлігін ішімдік ішіп басқарып, жол қозғалысы ережесінің 2.4.2 тармағының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Мақат аудандық соты
Сурет: ашық дереккөз