Сергелдеңге салған жанармай мәселесі

(0 Votes)

Мұнайлы мекен  жанармайға жарымай отыр. Мақат кентінде сегіз айдан бері жанар-жағармай құю бекеті жұмыс жасамайды.

Жалпы кент облыстағы ірі өндірістік аймақ ретінде саналады. Аумақ арқылы Қызылқоға ауданына, Ақтөбе облысына қарай бағытталған республикалық және облыстық маңызы бар жолдар өтеді. Кенттегі жалғыз жанар-жағармай құю көзі болған «Қазмұнайгаз» АҚ-на қарасты бекет өткен жылдың мамыр айында жұмысын тоқтатып, тұрғындарды әбігерге түсірген болатын.

j

Содан бері жүргізушілер бензин таба алмай сабылды. Мәселе арагідік көтеріліп қояды да, «жазған құлда шарашау жоқ» дегендей, көршілесі Доссор кентіндегі бекеттерден керегін алған соң, күнделікті тірлікпен жүре береді.

margat

Десек те, мәселені шешу мақсатында жергілікті атқару орындары да қамсыз қалмады. Олар аудандық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінің өтініш тілектері бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әрекет те етті.

qatysqandar

Аптаның сейсенбісінде  Мақат кентіндегі Н.Шағырова көшесінде орналасқан «Қазмұнайгаз» жанар-жағармай құю бекеті алдында жиылған көлік иелері мәселені созудың жосықсыздығын айтып, наразылықтарын білдірді.

Өлкедегі жанармай мәселесі қалай және қашан шешілмек  толығырақ газетіміздің №5 санынан оқи аласыз!

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT