"Сәлемдемелер супермаркеті" ашылды

(1 Vote)

Мақат кентінде жаңадан пошта ғимараты пайдалануға берілді.

Ғимарат Қ.Сәтпаев атындағы көшенің бойында орналасқан.  Сәулеті көшеге ерекше келбет беріп тұрған нысан бір қабатты. Көлемі 400 шаршы метр болатын пошта құрылысын жеке кәсіпкер "Утеулиева Р.А." жүргізген. Мұнда бір уақытта бірнеше тұтынушыны қабылдауға мүмкіндік жасалған.

i

Жалпы, Мақат кентінде  пошта қызметі үшін жаңа ғимараттың қажеттілігі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Пошта - еліміздің барлық тұрғынына қолжетімді жалғыз әлеуетті желілік құрылым. Оның күшті дамыған филиалдық желісі бар және республикада оның баламасы әзірге жоқ.

i

Жаңа ғимараттың қызыл лентасын аудан әкімі Шәкір Кейкин және "Қазпошта" АҚ облыстық бөлімшесінің директоры Алтын Садықова кесті. "Бұл жерде тұтынушылар үшін де, пошта қызметкерлері үшін де ең ыңғайлы жағдай жасалған, компьютерлер, өзге де жаңа заманауи құралдармен жабдықталған.  Мұнда  бірнеше банктың бөлімшелеріне төлем қабылдайды", - деп атап өтті Алтын Садықова.

i

Пошта қызметшілерінің мәліметтеріне сүйенсек, бәрінен де тұрғындар мекеме жұмысына тәуелді. Бүгінде пошта бөлімшесінде әдеттегідей хат пен газет тасымалдаудан басқа да айлық және зейнетақы тарату, сондай-ақ банк несиелерін беру мен тауарларды жедел жолдау жүзеге асырылады.

i

Сондай-ақ, жаңа пошта бөлімшесінен әуе және теміржол билеттерін алуға болады. Жаңа поштадағы бір ерекшелік тұрғындар үшін "сәлемдемелер супермаркеті" іске қосылған. Аталған супермаркет тұрғындардың сәлемдемелерді дер уақытында алуына мүмкіндік береді. Тұрғындар бұрынғыдай кезек күтіп отырмайды. Сәлемдеме жіберілгеннен кейін оны қабылдаушы азаматтың телефонына смс келеді. Хабарламада сәлемдеме супермаркеттің қай қатар, қай жәшікте тұрғаны туралы айтылады. 

img_6225

Сол бойынша тұрғындар еш кезексіз, оңайлықпен өз сәлемдемесін ала алады. Поштада сондай-ақ, газет және сәлемдемелер сақтайтын үлкен қойма жасақталған. Мұндағы 20 қызметкер тұрғындарға еркін әрі сапалы қызмет көрсететін болады. 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

Суреттер автордікі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521