Құрманғазы ауданында «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық мерейтойына орай «Сенім биігіндегі Серпер» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Айтыс алаңында Атырау қаласы және аудандардан келген талантты айтыскер ақындар сөз додасына түсіп, елдік пен ерлік, тарих пен тағылым, Құрманғазы ауданының асыл мұралары мен рухани байлығын жырға қосты.
Олардың қатарында жерлесіміз Анварбек Садықов та үздік өнер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.
Құрманғазы жерінде сенім мен рух, ел бірлігі мен ұлт намысын ұлықтап, көрерменге керемет әсер қалдыра білдірген жерлесіміз Анварбек Нуриахметұлы үздіктер қатарынан көрініп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұнайлы мекеннің мерейін үстем еткен ақынның бұл жетістігі – аудан үшін үлкен мәртебе!
Б.СЕРІК
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

