Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия төрағасының орынбасары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов төрағалық етіп, комиссия мүшелері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің ЮПТ-ның КТІЖ инспекторы, полиция аға лейтенанты К.Серикбаева №54 балабақшаның «Ботақан» тобының тәрбиеленушісінің балабақшада болған кезінде дене жарақатын алуы туралы баяндап өтті.
Оқиға осы жылдың 10 қаңтары күні орын алған. Анықталғанындай, тәрбиеленуші басын жылыту батареясына соққан. Бұл уақытта тәрбиеші қайда қарады? Мәселеге орай көп сұраққа жауап ізделді.
Толығырақ газетіміздің №5 санынан оқи аласыз!
А.Таумұрынова
Сурет автордікі