“Таза Қазақстан” акциясы аясында аудан тұрғындары сенбілік өткізді

(0 Votes)

 Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.

 Қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сенбілікке әр мекеме қызметкерлері белсене атсалысты.

Олар өздеріне белгіленген аумақтар мен орталық көшелерді қоқыстардан тазартып, ретке келтірді.

Айта кетейік, ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы экологиялық шаралар тұрақты түрде өтуде.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT