Бүгін Мақат кенті, Е.Аманбердиев көшесінде жаңа балалар алаңшалары мен әмбебап спорттық ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысан заманауи жарықтандырумен жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына толық сай жасалған.
Бұл алаң кенттегі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Азамат Саматұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа алаңның жастардың физикалық дамуына қосар үлесін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданның Құрметті азаматы Жұмажан Исмағұлов балалардың спорттық және демалыс қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бұл алаңның маңызды екенін атап өтті.
Әрі қарай салтанатты лентаны қию рәсімі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғазы Жоламанов пен ардагер Ғалымжан Сариевке жолданды.
Жаңа балалар алаңшалары мен спорттық ойын алаңы - жастардың спортпен айналысуына, серуендеп демалуына және бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік бермек.
Ж.Қамза
Сурет автордікі
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

