Сақтансаң, сақтайды!

(0 Votes)

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Қарашада қызметіне кіріскен жаңа басшы А.Камалов ауылдықтармен танысып қана қоймай, өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндірді. Өткен жылы ауданда он үш өрт оқиғасы тіркеліп, оның алтауы тұрғын үй секторында орын алса, төртеуі автокөліктерде тіркелген. Тілсіз жаудың белең алуына басты себеп тоқтан болып отыр дейді бөлім басшысы.

Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзған жағдайдың соңы осындай келеңсіз оқиғалар мен аяқталады екен. Бұған мысал ретінде аудан төңірегіндегі орын алған оқыс оқиғаларды тілге тиек етті. Бөлім басшысы бұндай істерді болдырмау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады. Атап айтсақ, үйден шығар алдында газдың және электр жабдықтарының сөндірілгеніне көз жеткізілуі қажет және балаларға газ құралдарын қосуға және оны пайдалануға мүлдем рұқсат берілмеуі тиіс.

img_6064

Бұл көптеген келеңсіз жағдайлардың басты себебі болып отыр. Газдың иісін сезген жағдайда газ құрылғысын дереу өшіріп, газдың иісін кетіремін деп сіріңке жағып қалмауды да қадап айтқан маман, тіпті бөлмеде темекі тұтатудың өзі қауіп тудыратынын жеткізді. Тұрғын үйіміздің электр сымдарының жағдайын тексеріп тұру да қажет дүниенің бірі. Ақаудың арты да жақсылықпен біте қоймайтыны анық. Ереже бойынша үйіміздегі газ мұржасы да үш ай сайын тазаланып тұруы тиіс екен.

img_6065

Бұны  "КазТрансГаз Аймақ" АҚ мен келісімге отырып жүзеге асыруға болатынын қаперге салған А.Камалов ауламызды, сарай және көлік тұрағымызды артық заттардан дер кезінде арылтып отыруды айтып, керосин секілді тез тұтанғыш заттардан барынша аулақ болып, автокөліктерімізді уақтылы техникалық байқаудан өткізіп ережелерді сақтағанның артықтығы жоқ екенін жеткізді.

img_6068

Жиын барысында ауыл тұрғындары да өз сауалдарын жолдап, күн райының қолайсыздығынан еліміздің солтүстік аймақтарында болып жатқан апаттарға алаңдаушылық білдіріп, бұндай жағдайға біздің өңірдің қаншалықты дайын екенін сұрады. Егер бізде де боран тұрып аудан территориясының айналасында көлігіңіз істен шығып далада қалып қойсаңыз, өрт сөндіріп жүрген көліктермен қолғабыс білдіруге дайынбыз деді төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері. Сонымен қатар бұндай қарбалас белең алса, көршілес аудандардағы әріптестері де аянып қалмайтынын жеткізді. Қауіпсіздіктің қыр-сырына қанық қылған мамандар, болашақ мектеп бітіргелі тұрған тұрғындардың балаларын әскери салаға қызмет етуді де үндеп өтті.

 

А.САДЫКОВ

   суреттер автордікі
        

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521