Салғырттық па, салақтық па?

(0 Votes)

Ауданымыздың, төңірегіміздің жайлылығы, тазалығы жөніндегі сауатымыз өкінішке қарай, әлі де төмен болып отырғаны ащы шындық...

Батыр бабаларымыз небір қатыгез жаудан қорғап қалған кең жерімізге сияды деп, тұрмыстық қалдықты кез келген тұсқа шашудың аяғы экологиялық тазалықтың тұқымын тұздай құртпасын деңіз. Өлкемізде қадам басқан сайын кездесетін полиэтилен пакеттердің алуан шөлмектің түр-түрін «армансыз» кездестіре аламыз. Қоқыстың небір түрін, үй жиһазы, қала берді малдың көңіне дейін ауылдарымызда тура көшедегі контейнерге апарып төгетіндер де бар.

Қазіргі таңда ауданымыздың тазалығына «Кабулов Б.Р.» ЖК тазалық мекемесі жауапты. Аталмыш мекеме жергілікті мекеме, ұйым, көшенің қалдық-қоқыстарын шығару жөнінде келісімшарт жасасқан. Алайда, келісімшарт жасаса тұрып, қызмет ақысын төлемей отырғандар қаншама? Тазалық мекемесінің мамандарының айтуынша, Мақат және Доссор кенттерінің тұрғындарының елу пайызы ақыны уақтылы төлемесе, ал, Бәйгетөбеде контейнер үшін 120 теңгені мезгілінде төлеуді «ұмытып» кететіндердің қатары қалың. Тіпті қатарларында алты-жеті жыл ақы төлемегендер де бар көрінеді.       

Аталған тазалық мекемесі екі жылдан бері арнайы көліктермен ауылдың қоқысын шығарумен шұғылданып келеді. Жалпы ауданда оған тиесілі 80 алаңша және 284 контейнер тұр. Қызметкерлер 1 трактор, 2 қоқыс тасушы арнайы көліктерімен күн сайын толған контейнерлерді қоқыстан босатып, ауыл сыртына шығарады. Қызметкерлердің жұмысы сағат таңғы 8:00-де басталады. Участок басшылары ең алдымен кай көшені ең бірінші тазалау керектігін анықтап, жұмысшыларды бөледі. Кейін тазалық мекемесіндегі 62 жұмысшы көше бойында шашылған қоқыстарды жинап, қоқыс алаңшасындағы контейнерлерге төгілген тұрмыстық қалдықтарды ауыл сыртына шығарады. Кент көшелерінде тазалық мекемесінің қызметкерлері хал-қадірлерінше қимылдап жатады. Бірақ бір жер жиналса, екінші жердің қайтадан настықтың үлгісіне көшуі оп-оңай-ақ. Бұл тұрғындардың салғырттығы ма, салақтығы ма?   

Толығырақ газетіміздің №4 санынан оқи аласыз!                                                                       

 

 М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521