Санаң таза болса, жаның тыныш болады

(1 Vote)

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері ауданымызда болды.

«Дінді дәстүрден бөлу-бірлікті бұзу» атты тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында келген топ мүшелері дөңгелек үстел өткізді.

Жиын №2 бастауыш мектебінен бастау алып, балабақша қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер арасында  жалғасын тапты.

dini-3

Жиында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы С.Сариев дәстүрсіз діни ағымдардың көздеген негізгі мақсаттарын айтып өтті.  Ол «қазіргі таңда еліміздегі псевдосалафизм-уахабизм» бағытындағы  топтардың жат әрекеттері қоғамымызда үлкен мәселе. Қоғамымызда дәстүрлі емес жат діни ағымдар экстремистік террористік әрекеттерге алып келеді. Бұл дегеніміз елдігіміздің тыныштығына сына қағып, ауызбіршілігімізді жояды. Сол себептен осындай нәрселерді  тудырмас үшін әрбір азаматтың бойында діни теріс идеологияларға қарсы иммунитет болып,  діни сергектігімізді арттыруымыз қажет» деді.

dini-2

Діннің жат ағымында жүргендерді  сәләфилер немесе уахабистер деп атайды. Сәләфилер мен уахабистердің 4 мақсаты болады: біріншіден, қандай ел болсын,тек араб тілінде сөйлеуі тиіс; екіншіден салт-дәстүрлерді  жоққа шығару (олар кез келген адамға «ахи» деп айтады, әдеп жоқ, «сәлем беруді» сыйыну деп есептейді; үшіншіден тарихты жоққа шығару (Қазақ даласына ислам  діні 1991 жылы келді деп ойлайды); төртіншіден,байлыққа жету  мансапқа жету, соғыс болып жатқан жерлер Сирияда, Ауғанстан, Израильде байлық бар екендігі атап айтылды.

dini-4

Деструктивті діни ағымдардан сақ болып, алдын алу шараларын қолдану керектігін атап өтті. Еліміз зайырлы қоғам болғандықтан, бәріне түсіністікпен қарау керек. Сондай-ақ, жиын барысында әлеуметтік желілердегі теріс дінді уағыздаушылар Ділмұрат Абу Мухаммад, Назратуллах Октам, Дарын Мубаров т.б. секілді уағыздаушылардың үгіт-насихаттарын тыңдауға тыйым салынғандығын да ескере өтті.

dini-5

А.ТАУМҰРЫНОВА,

суреттер автордікі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521