Бөлімдерге басшы тағайындалды

(0 Votes)

Апта басы кадрлық ауыс-түйістермен басталды. Аудан әкімдігінің  кіші мәжіліс залында жаңа тағайындауларға байланысты жиын өтті. Жиынға кент әкімдері, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Аудан әкімі Шәкір Кейкин бұған дейін Мақат кентінің әкімі болған Сәрсен Болатбек Амандықұлын лауазымынан босатып, "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындады.

Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы болған Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Болатбек Сәрсен Амандықұлы

bolatbek 

Сәрсен Болатбек Амандықұлы  1983 жылы Мақат кентінде дүниеге келген.

Білімі - жоғары.

2006 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Машинақұрылыс институтының инженер-систематехник мамандығын, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мақат кентіндегі «ЛТД Энергетик» ЖШС-де 2 дәрежелі инженер-жобалаушы болып бастаған. 2007-2008 жылдары осы мекемеде жобалау сметалық бөлімнің бастығы; өндірістік техникалық бөлімнің бастығы;

2009-2014 жылдары «ЛТД Энергетик»   ЖШС-нің директоры;

2014-2018 жылдары  Мақат кентінің әкімі лауазымында қызмет етті.

2018 жылдың 22 ақпанымен 15 қазан айы аралығында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2018 жылдың 15 қарашасынан қазіргі таңға дейін Мақат кенті әкімінің лауазымын атқарып келді.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы.

 Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы

 jandarbek

Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы 1980 жылы Доссор кентінде дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

2001 жылы қазіргі заманғы университетінің Атырау облысы бойынша филиалында заңгер, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Доссор поселкі әкімі аппаратының  бас маманы болып бастаған.

2007 жылдың желтоқсан – 2008 жылдың наурыз айы аралығында Қошқар поселкесі әкімі аппаратының бас маманы;

2008-2011 жылдары аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің бас маманы;

2011-2013 жылдары аралығында Мақат аудандық Әділет басқармасының бас маманы;

2014-2018 жылдары жеке кәсіпкер;

2019 жылдың 2 шілдесінен бүгінгі күнге дейін аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының лауазымын атқарып келді.

Отбасылы.

"МТ"

Суретті түсірген А.Садыков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521