Сала мамандарына құрмет

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өтті.

Оған аудан әкімі Жұмбай Қарағаев, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Несіп-ырзығын жер анадан теріп отырған шаруа баққан адамның еңбегі ауыр. Ұлтымызда «Мал баққанға бітеді» деген бар. Жер-ана төсін аялаған еңбекқор жанға ғана оң көзбен қарап, бар қазынасын береді.

Шара барысында аудан әкімі Ж.Қарағаев төрт түлігін өргізген шаруа қожалықтарының иелері мен сала қызметкерлерін марапаттады. Кездесуде аталған саланың өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген ардақты мамандық иелеріне ерекше-сый құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді. Қатысушылар да сала қызметкерлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521