banner_damu

Балаларға арналған ойын алаңы ашылды

(0 Votes)

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің операторы «Samuryk-Qazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Дос-сор кентінде әмбебап спорттық және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Кент тұрғындарын қуанышқа бөлеген алаңның ашылу салтанаты қарашаның 23-і күні өтті. Қызылды-жасылды шарлармен, жалаушалармен безендірілген алаң іші балақайлар мен ата-аналарға, ардагерлер және ауыл тұрғындарына лық толды. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен заманауи алаң (футбол алаңы, балалар ойын алаңы, жаттығу алаңы) болып үш бөлікке бөлінген. Іші жарықшамдармен жарықтандырылып, өрнектастар төселіп, көпшілік демалатын орындықтар орнатылған. Балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемдеп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген.

Алдымен халықты бұл қуанышты сәтпен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев құттықтап, кейін, «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысының орынбасары Самат Мұханбетовпен бірге жаңа алаңның алқызыл лентасын қиды. Бұдан кейін, қуанышқа ортақтасып келген ауыл тұрғындары балаларымен ойын алаңына алғашқы қадамдарын жасап, алаңның іші мәре – сәре болды.

Игілікті істің қасынан табылған жандарға кенттің бүлдіршіндері де дән риза. Бұдан былай өңірдің бұл бекетіндегі балалар да спорттық өз ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады. Биылғы жылы еліміз бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының демеушілігімен барлығы 41 әмбебап алаң және 11 street workout алаң орнатылды. Соның ішінде Атырау облысы бойынша салынған 5 алаңның жалпы құны – 278 318 152 теңгені құрайды. Олар Доссор кентінен бөлек, Атырау қаласының Тұрғындар қалашығында, Алмагүл мөлтек ауданында және Мұқыр, Аққыстау ауылдарында салынды.

Шайкунов Марат, тұрғын: - Ауылда балаларымыз бен немерелерімізге арналып ойын алаңының тұсауы кесілді, өте ризамыз. Тұрғындардың атынан алғысымды айта отырып, осындай жақсы істердің куәсі бола берейік деген тілегімді білдіремін. Атсалысқан азаматтарына көптен-көп рахмет! Енді, балалар мен жасөспірімдер өздеріне арнап салынған алаңды бұзбай, көздің қарашығындай сақтап, тәртіппен пайдаланады деп сенеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика