Құрылыстар партия бақылауында

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудан әкімі, партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың қатысуымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары мен партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі бюросының мүшелері қатысты. Саяси кеңес бюро барысында «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» аудандық партия филиал жанындағы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған тұрғын үймен қамтуды дамыту жұмыстары, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, «Болатжол» бастауыш партия ұйымының төрағасының атқарған жұмыстарын қарады.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша: -Доссор кентінен 3 қабатты 60 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасының байламы жасақталды. Сараптама қорытындысы бойынша қаражаты қымбат болуына байланысты (жалпы құны 1 024,2 млн. теңге ) үйдің құрылысы мен сыртқы инженерлік желілеріне қайтадан өзгерту енгізілуде. Жобалаушы мекеме «Сәтті Сәулет» серіктестігі,-деген құрылыс бөлімінің басшысы Е.Мусин Дос-сор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің ескі ғимараты, кенттегі аллеяны жаңғырту жұмыстары жөнінде мағлұмат бере өтті.

Мақат кентіндегі 12 шақырым көше жарығы, № 2 бастауыш мектебіне қосымша асхана құрылысы мен спортзал, қосымша кабинеттерді орнату жұмыстары жоспарланғандығынан хабардар етті. Бюро отырысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Хамидуллина Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына тоқталды. Ауданда жастарды мәдени, рухани, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы 9 мекемеде болып, «Дін.Дәуір.Дәстүр», «Болашаққа бағдар:білім және тәрбие», «Жаңа жаһандық ахуалдың сын-қатерлері», «Теріс ағым жетегінен сақтан!», «Қазақ қызының қоғамдағы рөлі», «Діни экстремизмге жол жоқ!», «Дін және қоғам», «Зайырлы мемлекет және дін. Зайырлы этика негіздері», «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесулер өткізді.

Облыстық дін істері басқармасының басшылығымен шығатын «Руханият әлемі» және «Дүрбі» газеті негізінен мешіттерге және аудан бойынша барлық мекемелерге тұрақты таратылады. 2018 жыл басынан бері Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» дайындап шығарған діни ақпараттық материалдар (700 кітапша, 300 брошюра, 100 күнтізбе) барлық мекеме, кәсіпорындарға таратылды. «Болатжол» бастауыш партия ұйымының төрағасы Т. Аралбеков партия ұйымының жыл бойғы атқарған жұмысы туралы баяндады.

Саяси кеңес бюро отырысын «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Жұмабай Қарағаев қорытындылады. Бюро отырысы қарауына ұсынылған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521