Құрметтері атакүлдік ауылына арналды

(0 Votes)

Өткен аптаның жұмасы күні ауданымызда тағы бір ескерткіш бой көтерді.

Ол - ауыл азаматтарының туған жерге деген сағынышы мен тағзымынан туындаған белгі. Ескерткіш Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ашылды. Оны аудан территориясында орналасқан Қошқар ауылынан түлеп ұшқан азаматтар бастама көтеріп, дүниеге әкелді. Ескерткіш «Қошқар ауылы» деп аталады.

Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Таңатар Қалыбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов ескерткіштің лентасын қиды. Ескерткіш алды бедерленген төсем таспен өріліп, ескерткішке Қошқар кен орнының тарихын жазып, артына кітапша пішініне Қошқар елді-мекенінің тарихы мен Ф.Оңғарсынованың «Туған жер» және ауыл тұрғыны С.Құлжағаровтың ескерткішке арнайы шығарылған өлеңдерін жазды.

Материалдың толық нұсқасын «Мақат тынысы» газетінің 18 қазан күнгі №42 (896) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT