Қызылқоға ауданын су басу қаупі бар ма?

(0 Votes)

2021 жылдың 23-25 наурыз күндері қалың қардың еріп, жаңбырдың қатты жаууына байланысты Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінде кейбір көшелерін су басып, тұрғын үйлерге су кіріп кету қаупі төнді, деп хабарлайды ATPress.kz

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтың айтуынша, осы төтенше жағдайды жою мақсатында аудан әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы  №69 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі аудандық жедел штаб құру туралы» өкімімен аудандық жедел штаб құрылды.  Қазіргі таңда, кезекшілік ұйымдастырылып жедел штаб аудандағы күштер мен құралдарды іске қосып  2 вакуум   КАМАЗ, 1 эксковатор погрузчик, 1 ГАЗ-66 ямобур, 1 Урал самосвал, 5 мотопомпа, 35 адамнан құралған жеке құраммен жұмылдырылды.

Әрбір үйдің ауласына жиналған суларды арнайы техникалармен сору жұмыстары жүргізілуде. Қауіп төніп тұрған тұрғын үйлер айналасына қапшықтарға топырақ толтырылып, бөгеттер соғылып жатыр. Апатқа ұшыраған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жоқ.

Сонымен қатар, ауданы әкімінің орынбасары судың Сағыз ауылынан 1 шақырым қашықтықта Ақтөбе – Атырау тас жолының айналма жол бойында уақытша салынған көпір үстінен өтуіне байланысты мәлімдеме жасады.

- 25 наурыз күні «Ноғайты» өзені қардың күрт еруі салдарынан қатты деңгейде келіп, Сағыз ауылынан 1 шақырым қашықтықта Ақтөбе – Атырау тас жолының айналма жол бойында уақытша салынған көпір үстінен өтіп кеткен. Қазіргі уақытта, «ШанхайКонстракшнГрупп» ЖШС-нің техникаларымен көпірді су деңгейінен биіктетіп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп таңертеңгі сағат 08:00 шамасында аталған уақытша көпір үстімен көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  Әзірге қауіп жоқ, - деді Жарас Есенғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT