Мақат ауданының полиция басқармасында тұрмысы қолайсыз 46 отбасы есепте тұр.
Мақат АПБ Ювеналдық полиция тобының инспекторлары "қолайсыз отбасы" санатымен есепке алыңған тұлғалармен айына екі рет тұрғылықты мекен-жайына барып, профилактикалық тексеріс жұмыстарын жүргізеді.
Мақат АПБ ЖПҚБ ЮПТ КПЖ инспекторы Кәмшат Серікбаеваның айтуынша, жасөспірімдермен құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау, балаларына жөнді тәрбие бермейтін ата-аналарды анықтау мақсатында кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды есепке қою бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табады.
Жаңа оқу жылы басталысымен полиция қызметкерлерінің жұмысы да қыза түседі. Сақшылар бұзақы, тәртібі нашар балаларды тәрбиелеп қана қоймай, олар үшін түрлі алдын алу шараларын да ұйымдастырады.
Кезекті балалардың санасына отбасындағы жылулықтың маңызын қалыптастыруды мақсат еткен профилактикалық жұмыс барысында есептегі тұлғалардың өмір салтын түзету мақсатында олардың тізімі аудандық жұмыспен қамту бөліміне жолданды. Сондай-ақ, тізімдік есепте тұрған 5 жасөспірімнің бос уақытын тиімді пайдалану үшін спорт мектебі мен өнер мектебіне ұсыныс жіберілді.
М.Ізтұрғанова