1 қазан - қарттар күніне орай аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандағы зейнет жасындағы жалғызбасты және коммуналдық сала ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барды.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз біз үшін орны бөлек. Сіздерге құрмет көрсету біздің парызымыз. Мереке тұсында дендеріңізге саулық, сарқылмас күш-қайрат тілеймін!», - деді өз сөзінде аудан әкімі Азамат Саматұлы.

Сондай-ақ, айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, арнайы сый-сияпат жасады.


Өз кезегінде құрметке бөленген қариялар да аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Ә.ҚАСЫМ
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 