ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, қарттар үшін ақ дастархан жайылды.

Мерекелік шара барысында алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, қазыналы қарттарға өзінің ізгі-тілегін білдірді.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов аталмыш мерекемен құттықтап, ақ жаулақты әжелер мен ақ сақалды қарияларға көрсетілген сый-құрметке өз ризашылығын жеткізді.

Шара барысында аудан өнерпаздары да арнайы концерттік бағдарламасын дайындап, әсем әннен шашу шашты.

Айта кетейік, мерекелік шараға аудан бойынша барлығы 120-ға жуық ардагер қатысты.

Одан бөлек, мереке қарсаңында аудан әкімі Азамат Саматұлы өмірін қажырлы еңбекке арнаған 50 жалғызбасты қариялардың үйіне арнайы естелік сыйлықтар табыс еткізді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT