ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАМТЫЛДЫ

(0 Votes)

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Мақат ауданына іс-сапармен келді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, аудан әкімі Азамат Мәмбетов, теміржол саласының мамандары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың кездесулерде теміржол саласы бойынша көтерген орталық деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді айтып өтті.

Атап айтқанда, Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кенті арасындағы темір жол үстімен жүретін жаяу жүргіншілер көпірін заманауи типтік үлгіде жаңғырту жұмыстарын жүргізу, Атырау-Алматы бағытында қатынайтын жүрдек пойыздың Доссор кентіне тоқтауын қамтамасыз ету және Мақат аудандық стансасына жүк сақтау қоймасын ашу мәселелерін жеткізді.

Жиын соңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев айтылған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданатындығын айтты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521