Президентке сенім артамыз

(0 Votes)

Еліміз Тәуелсіздік алғалы екі Президент көрген екенбіз. 1991-2019 жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билік құрса, соңғы үш жылдың үстіндегі уақытта ел тізгіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолында. Екіншісі біріншісінің ісін жалғады десе де, әркімнің басқару жүйесінде өзіндік ерекшелік бар деп айтар едім.

Қазіргі мемлекет басшымыз өзіне бұйырған уақытта қолынан келген реформаларын жасап, кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге шешім қабылдаған еді. Халықтың таңдауының нәтижесінде өзі жеңіске жетіп жатыр екен. Ол бір жағыннан үгіт-насихат жұмыстары мен ауқымы кең болып жасалған сайлауалды бағдарламасының арқасы деп білемін.

Атап айтар болсам, мемлекет басшысының сайлауалды уәдесінде мемлекетке, экономикаға және қоғамға қатысты мәселелердің үш блогына да әділдік принципі еніп отыр. Ол өзінің адами бағыттылығына байланысты бүкіл негізгі әлеуметтік топтар үшін өзекті. Бағдарлама қоғамдық қажеттіліктерді және азаматтардың жеке, азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтары сияқты конституциялық құқықтарының барлығын қамтыған.

Сондықтан оның: «Бүгінде сыртқы және ішкі сын-қатерлер күшейген күрделі уақытта да мақсат-мұраттарымызға қол жеткізу біздің қолымыздан келетініне мен кәміл сенемін. Алдымызда әлі талай сынақтар болуы мүмкін. Осыған орай, мен Қазақстанның алдағы жеті жылда даму бағдары туралы ой-пікірімді ортаға салғым келеді. Мен ұсынып отырған бағдарлама «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Оның әр тармағын өзім жаздым. Бұл бағдарлама менің жүрегімнен шықты деп айтсам, артық болмайды», - деп өзі айтқандай жүрегінен шыққан сөзі халықтың да жүректеріне жетті деп ойлаймын.

Бұл күнде ғасырлық тойын тойлауға жақын, облысымыздағы ең көне аудан болып саналатын Мақат ауданының келбеті соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Енді Прездиент тапсырмасын жергілікті билік лайықты деңгейде орындап, бюджет қаржысы орнымен жұмсалса, алдағы 7 жылдықтан да күтеріміз мол.

Орақ Деңгелбаев,

Ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT