Партиялық қайта жаңғыру

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы ғимаратының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы партиялық активінің жиналысы өтті.

Жиынға саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия белсенділері және  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысып, күн тәртібінде тұңғыш президент - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың аймақтық партия филиалдары өкілдерінің басқосуында берген тапсырмалары мен партияны «қайта жүктеу» мәселелері талқыланды.

Актив жиналысына аудандық партия филиалы төрағасы Шәкір Кейкин төрағалық етті. 

Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Ермагамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының төрағалығмен өткен кездесуде көтерілген мәселелер мен баяндамаларға тоқталса, аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов  аталған кездесу туралы кеңінен тоқталып, сан түрлі сала бойынша жасалған сараптамаларды саралап өтті.

img_2283

Қорытынды сөзінде  аудандық филиал төрағасы бірнеше тапсырмалар берді. Атап айтсақ, праймериз өткізуге, кадрлық резервті іріктеуге дайындық жұмыстарын жүргізу, оны бастауыш партия ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізетін жауапты спикерлер және амбассадорлар тобын құру және сайлауалды бағдарламаны 2025 жылға дейінгі «Аумақты дамыту бағдарламасы негізінде, кіріктіріп жасақтау секілді мәселелер қамтылды. 

img_2281

2020-2023 ж.ж. бюджет қаражатының тиімді игерілуіне мониторинг жүргізуді де қаперге беріп,  100-ге дейінгі мүшелері бар бастауыш партия ұйымдарын біріктіріп, ірілендіруді қолға алу керектігі қарастырылды. 

Жастарды «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, ауданның мәдени-қоғамдық шараларына, партия жұмыстарына жұмылдыру қай кезде де кезек күттірмейтіні белгілі. Сондай-ақ партияға мүшелік жарнаны барлық бастауыш партия ұйымдарына 100 пайыз орындау тапсырылды.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT