Партия филиалында –жаңа басшы

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Ербол Қонысбайұлы Ермағанбетов тағайындалды.

Аудандық филиал төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Әсима Мендалиева зейнеткерлікке қалды. Кадрлық тағайындау іс-шарасына қатысты жиын ауданық мәдениет үйінде өтті.

Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаев, аудан әкімі Ж.Қарағаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес төрағасы, еңбек ардагерлері, кент, округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен партия белсенділері қатысты.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев аудандық филиал төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Әсима Мендалиеваның партия қызметіндегі белсенді еңбегі мен атқарған қызметіне жоғары баға беріп, облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша партияның кезекті ХVIII съезінде берілген тапсырмалардан туындайтын мәселелер туралы облыстық филиалы жанындағы «Саясаттанушылар орталығының» мүшесі Ә.Өмірзақов пен облыстық филиалының заңгері Р.Мақсотов талқылап, кеңінен түсінік берді.

Жиын бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумымен жалғасын тапты. Форумда аудан тұрғындары Астана атауын «Нұр-Сұлтан» есіміне ауыстыруды қолдайтындықтарын жеткізді.

Материалдың толық нұсқасын газеттің №14 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521