Қозғалыс қауіпсіздігін сақтаушы ұландар

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жол қозғалысының жас инспекторы» атты аудандық слет өтті.

Байқау балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылар білімінің сапасын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттауды мақсат етті. 12-14 жас аралығындағы 10 оқушыдан құралған мектеп командалары саптық дайындықты көрсетті. Командирдің командасын айқын орындап, әндетіп бір сарында қозғалды. «Қауіпсіз дөңгелек» бөлімінде оқушылар велосипед жүргізуде дәлдіктерімен көзге түсті.

«Жас санитар» кезеңінде жол-көлік оқиғасында жәбірленгендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктіліктері тексерілді. «Жас реттеуші», «Эрудит» бөлімдерінде жалпы білімділік пен қабілет сарапқа салынды.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521