Біреу монша жағады, біреу түтінге тұншығады

(0 Votes)

Шағын кәсіпкерлік – еліміздің экономикасын түзеуші.

Еңбегінен өнгенін алып, оны отбасы нәпақасына жарату екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Солай бола тұрса да, өзгеге оның зиянын тигізіп жатушылар туралы не деуге болады?

Біз тұратын 80/8 үйінің айналасында монша жағатын азаматтардың үйлері қоныстанған. Олар күні-түні халықты қабылдап, монша жағумен айналысып отыр. Айналыса берсін, егер өзгеге залал тимесе. Бірақ, олар отын ретінде газды пайдаланбай, неше түрлі жағымсыз отынды пайдаланып, біздің аядай балконымызға шығуға да мүмкіншілік бермей отыр. Оларға бұл жөнінде бірнеше рет ескертсек те, өзіміздің жеке учаскемізде не істесек те, өз еркіміз деумен шектеліп келеді.

Бірақ, жел сол үйлерден бері соққан кезде, балконымызға жайған кірімізге иісі сіңіп, өзіміз терезе ашудан қаламыз. Осы қоқыс полигонының зардабын шегіп жүрген жерлестеріміздің мұңын көп естіп жүрміз. Олардың мұңын біз жақсы түсінеміз. Сондықтан газет арқылы осы өтінішімізді көпшілікке жеткізгім келеді. Құзырлы орындар осыны қаперге алса екен.

С.ЕРКІНҚЫЗЫ,

Мақат кенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521