Мақатта ойын-сауық кешені ашылды

(0 Votes)

Наурыз айында Мақат кентінде «Baidar» атты бала лар ойын-сауық кешені ашылды. Орталық иесі жас кәсіпкер Есімхан Табылдыұлы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грант ұтып алған болатын. Ойын-сауық кешенінің ашылу салтанатында кент әкімі Е.Қонысбайұлы арнайы ізгі-тілегін білдіріп, жаңа бастаманың лентасын қиды.


Одан бөлек, шараға ауданның бас имамы Б.Сүндетқожаұлы, аудан тұрғындары, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты. 3 млн қайтарымсыз қаржыға ие болған жас кәсіпкердің бүгінде жұмыссыз жастарға үлгі болары анық. Сондай-ақ, заман талабына сай, алдағы уақытта кәсібін дөңгелетіп кетері де сөзсіз. «Түрлі ойын алаңшалары мен атрак циондар аптаның 5 күнінде балаларға қызмет көрсетеді. Бізде дүйсенбі сейсенбі күндері тазалық күні болады. Ойын алаңына келген әр балаға билет бағасы 2500 теңгеден және уақыты шектеусіз. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған»,- дейді кәсіпкер.

57c08ee7-5689-409e-ba64-c4133c173615

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Г.Едгееваның айтуынша «Бизнестің жол картасы - 2025» жо басы бойынша былтыр ауданымызда 4 адам грант иегері атанған. Осыған сәйкес, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген кәсіпкерлер алдағы уақытта осы қарқында өз бизнестерін ашуға жұмыстанбақ. Жалпы жеке кәсіпті бастау үшін ең алдымен қаражат ке рек екені белгілі. Осы тұрғыда елімізде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Ал кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521