ОЙЫЛ ОҢАЛЫП, ЖЕМ ЖАҚСАРДЫ. САҒЫЗДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

(0 Votes)

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда?-деп бабаларымыз жырға қосқандай, бұл үш өзен де – бастауын сонау мұғалжар сілемдерінен алатын, енші бөліспеген егіз өзендер.

қарқыны қанша қатты болса да ойыл мен жемнің өзі соңғы жыл дары екпіні бәсеңдеп, тіпті, экологиялық апатты жағдайға жетуге қалған. «Екі ағасының» жайы жоғарыдағыдай болғандықтан, Сағыздың халі айтпаса да түсінікті еді. Енді міне араға жылдар салып қардың суымен-ақ ойыл оңалып, жем жақсарып келеді. ал, ауданымыздың ырысы болған сағыздың жағдайы не болып жатыр? Көктемгі қар суы сағыздың да сеңін қозғады. Біраздан бері бұғып жатқан ерке өзеніміз биыл сәл бұлқынып, тіпті көршілес аудан дарды біраз әбігерге салғанын көзіміз шалып қалды. Осы ретте судың жай-күйімен жақсы таныс аудан азаматтары мен тілдескен едік. Алдымен мақат аудандық желілік-өндірістік мекемесінің басшысы манарбек турсиевке ат басын бұрдық. Себебі, сағыз өзенін күнделікті жіті бақылауға ұстап отырған ұжымның бірі осы газшылар еді.

maqat-oil-zhem-1


"Жалпы Сағыз өзені жылда тасымайды. 6-7 жылда бір тасиды. Бұл су 2016-шы жылдан бері келіп тұрғаны. Ал дәл биылғыдай судың нөпірі 1992-1993 жылдары келді. Яғни араға 30 жыл салып келіп тұр. Судың дәмі қазір тұп-тұщы. Бұл әсіресе мал шаруашылығымен айналысып отырғандар үшін жағымды жаңалық болғалы тұр. Енді балық жағын айта алмаймын. Мәселен сол 1992-1993 жылдары келген су 5-6 жылға қалды. Біраз балық та келіп олар өсті. Балықшыларға да, жағасына ба рып демаламын деушілерге де жайлы болатын. Бірақ 1998-1999 жылдары мүлде су болмай қалып, балықтың барлығы қырылып қалғаны есімде. Себебі су ашып кет кен еді. Сағыз қанша тасыса да Мақат кентіне қауіп келтірмейді. Мұғалжардан ба стау алған суымыз мынау 472-ші разъезден құйып, Бәйгетөбенің іргесімен бұрынғы промсол Сағыз одан әрі Молданақ деген жерлеге дейін жетіп, сорларға құйылып кетеді. Көнекөз қарияларымыздың айтуынша, "Сағыз қатты тасығанда кенттегі СМП-ның артына келіп тұрды" дейді. Ал одан да әріректе теңізге барып құйған деседі. Қазір кентімізден 20 км жерде судың ағысын бақылау үшін арнайы пост қойдық. Кезекшілікпен күнделікті мәліметтерді басшыларымызға жолдап отыра мыз. Теміржолдың астында арнайы өлшеу бағамы бар. Су күніне 10 см көтеріліп, қазір 1 метр 40 см жетті",-дейді Манарбек Орынбайұлы.

m

Ал, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Аслан Камаловтың айту ынша, әзірге Сағыздан келіп-кетер қауіп жоқ. "Жағдай толығымен бақылауда. Ба сына барып жай-күйін бағамдап отырмыз",-дейді. Бұл ретте аудан әкімі Р.Ибрагимов те бұған дейін Мақат кентінің Шығыс жақ бетінде орналасқан Сағыз өзенінің сағасына барып, су деңгейінің келу қарқыны мен көлемімен танысқан еді. Жабырқап қалған сайын даламыздың төсіне жан бітірген биылғы қар суы Сағыз бен қоса аудан тұрғындарының да көңілін бір көтеріп тастады. "Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған" байырғы ырысы тасыған берекелі кездер бәлкім қайта оралар деп жақсылыққа жорыдық.


А.Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT