Оқырмандар өлкетанушымен кездесті

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасы аясында халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген, мұнайшы ардагер, өлкетанушы Орах Деңгелбаевтың мерейлі 75 жасына арналған «Өлке тарихының ақиығы» атты кітапхана оқырмандарымен кездесу кеші өтті.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Умаров, үзеңгілес ардагерлер Қ.Жаңғабылов, Т.Байгуршимов және кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақат кентінің тумасы Орах Ерғалиұлы саналы ғұмырында мұнай кәсіпшілігінде өлшеуші, мұнай өндіру операторының көмекшісі, оператор болып еңбек ете жүріп, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, кадрлар бөлімі нұсқаушысы, аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық мәслихат хатшысы қызметтерін жауапкершілікпен атқарған азамат ретінде танымал. Ауданның құрметті азаматы атанып, зейнеткерлік жасында да туған жерін зерттеп, оның түп тамырын танып білуге, аудан тарихына терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге еңбектеніп жүр.

Кездесу барысында Орах Ерғалиұлының өмір жолынан сыр шертер слайд көрсетіліп, аудан кәсіпшіліктерінің тарихын, атақты мұнайшылардың еңбек жолдарын, Ұлы Отан соғысына қатысқан майданда қаза болған жауынгерлердің жорық жолдарын зерттеген материалдары, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Сөнбейді Жеңіс алауы», Доссор мұнайының 100 жылдығына орай «Атамұнай», Мақат локомотив депосы туралы «Тасымалда жарты ғасыр», «Ғибратты ғұмыр», Мұхамедиар Сатқанов туралы жазылған өлкетанушының еңбектері жөнінде сөз етті.

Кітапхана оқырмандары Ишан Анайы мен Қасен Дильназ кеш қонақтарына домбырамен халық әндерін орындады. Кездесу кешінде өлкетанушының кітап көрмесі оқырман қауымға насихатталды. Кездесу кешін кітапхана басшысы Марал Қалиқызы қорытындылап, кітапхана ұжымы атынан ескерткіш сыйлық табыстады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521