Оттан абай болыңыз!

(0 Votes)

Апта ішінде «NСОС» компаниясының денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау директоратының өкілдері Н.Ғиниятов, Э.Букаева, В.Айжарықова қызметтік іссапармен ауданымызға келіп, М.Баймұханов және Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігін сақтау, оның алдын алу жолдары туралы мағлұмат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында көрнекі құралдар арқылы оқушылар мол түсінік алды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға ақпараттық-танымдық мағлұматтар берілді. «NСОС» компаниясы ауданның әлеуметтік саласының өркендеуіне жылма-жыл қолдау көрсетіп, ауқымды үлес қосуда. Осы орайда, компания қызметіне табыстар тілеген аудан әкімінің орынбасары Т.Нұрпейсов компания өкілдеріне мол алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521