Нық қадам басатын кез келді

https://azattyq-ruhy.kz/
(0 Votes)

Елімізді дүр сілкіндірген қаңтар оқиғасына бүгінде бір жыл толды. Бұл оқиға тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел тарихындағы ең үлкен наразылық еді. Халық қоғамдағы түйткілді мәселелерге  биліктің баса назар аударғанын қалады.

Қымбатшылықтың әсерінен Жаңаөзенде басталған наразылық барлық аймақта жалғасын тауып, соңында қайғылы жағдай орын алды.

Қалалар қирап, көптеген ғимараттар өртеніп, мемлекетіміз үлкен шығынға ұшырады.

Алайда, оның бәрі біраз уақыттан соң қалпына келді. Бірақ, ондағы жапа жеккен бейбіт тұрғындар мен жазықсыз сәбилердің қазасы мүлде жазылмас жара болып қала бермек.

Бұл орны толмас оқиғадан кейін ел ішінде көптеген өзгерістер болды. Мәселен, референдум өтіп, Конституцияға біраз өзгерістер енді. Одан кейін Президент сайлауы болды, кеше ғана біраз министр  ауысты. Десе де, аталған өзгерістерді қысқа уақыт ішінде бағалау қиын. Нәтижесін күтейік. Себебі, бұл әділетті қоғам құрудағы маңызды қадамдар болмақ.

Ендігі жерде өткеннің қателігін қайталамау үшін алға қадамымызды нық басуымыз қажет.

 

Роза Үмбетова

Ардагер ұстаз, Мақат ауданының құрметті азаматы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT