Қолдарынан келген көмегін аямады

(0 Votes)

Рамазан айы –қайырым мен мейірімге толы ай.

Бұл уақытта жаны жомарт жандар сауапты іс қылып, өзгеге көмек қолын созуға даяр тұрады.

«Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Қангерееваның ұйымдастыруымен Рамазан айында осал топтағы 9 отбасыға азық-түліктей жəне ақшалай көмек көрсетті.

Бұл іске 70 000 теңгеге жуық қаражат жинақталып, оған азық-түлік пен күнделікті үйге қажетті тауарлар алынды. Қайырымдылыққа атсалысқан қайсыбірі жырақта жүрсе де, жеке есепшотқа қаражат аудару арқылы көмегін тигізді. Олардың қатарында аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Г. Жанасова, «G-group education» оқыту орталығының директоры Б.Қуанышев, «Сағадат» дүкенінің иесі С.Мəженов бар. Және ерікті жастар мен «Жас проджект» жобасының жастары да көмек қолын созуға асықты.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521