Екпеден жұрт неге қашады? Алдымен - сенімсіздік, одан соң желіде желдей ескен қауесет. Иә әркімнің өз еркі. Дегенмен, айналаңдағы жақыныңның саулығы үшін екпенің берер пайдасы мол. Жақыныңның амандығы үшін арақашықтықты сақтауды талап ететін бүгінгі күні бұл індеттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина салдыру болып отыр.
Тұрғындардың вакцинаға деген сенімсіздігін жою үшін мамандардың кеңесі, түсінік жұмыстарын күшейту қажеттілігі анық. Осы орайда мобильдік түсіндіру топтары еңбек ұжымдарын аралап, мамандар жұмыскерлерге Атырау облысының бас дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №13 және 2021 жылғы 04 шілдедегі N-14 қаулысымен таныстырып, өз денсаулығы үшін, жақындарының саулығын сақтау үшін вакцина қабылдауға шақыруда.
13-ші шілде күні аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның басшысы Серік Әбдиев, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Рыскүл Тайшекенова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Динара Жәмшібай аудан аумағындағы мұнай кен орындарын аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Ботақан, Қарсақ, Алтыкөл, Қошқар, Комсомол кен орындарындағы мұнайшылармен кездесіп, екпе алудың маңыздылығын жеткізді.
Қазіргі таңда мұнайшылар тарапынан да түсіністік танытып, вакцина қабылдауға ниет білдірушілер қатары көбеюіне ықпалды шаралар ұйымдастырылуда.
Өз тілшіміз