Сақтыққа салғырт қарамаңыз!

(0 Votes)

Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінгі күнге дейін ауданда 172 адам вирус жұқтырған. Оның 76 Мақаттан, 99-ы Доссордан, 4-уі Бәйгетөбеден анықталып отыр. 133 адам ауруды жеңіп шықса, 18 адам инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ауданымызға «Спутник V» вакцинасының 2950 дозасы, «Короно Вак» вакцинасының 300 дозасы, «Хаят Вак» вакцинасының 200 дозасы жеткізілген.

Бүгінде «Спутник V» екпесінің І турын 2228, ІІ турын 1228 адам алып үлгерген. Ал, «Короно Вак» вакцинасының І турын 13, ІІ турын 1 және «Хаят Вак» вакцинасының І турын 200 адам қабылдаған.

Халық арасында вакцина алған адамдар да індет жұқтырып жатырғаны сөз болуда. Десе де, ғалымдар вакцина алғаннан кейін де вирус жұқтырған 30 мыңдай адамды бақылаған кезде, олардың арасында қайтыс болған және ауыр жағдайға душар болғандар болмаған. Яғни, жеңіл өткен. Сондықтан, сақтыққа салғырт қарамағанымыз жөн.    

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА
Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT