Мерейлері тасыған отбасылар

(0 Votes)

Отбасы – адамзат баласы үшін ең үлкен құндылық. Әсіресе, қазақ отбасы белгілі бір дәстүрлердің, мәдени мұралардың сақтаушысы болып қалыптасқан. «Отан отбасынан басталады» деген дана халқымыз осы бір ұғымның қасиеттілігін ықылым заманнан айқындап кеткендей. Кез келген адамның жетістігінің артында да жанұясындағы береке мен тыныштық тұратыны белгілі.

Туыстық қатынасты, руханилықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау және қазақ отбасының жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында биыл да кезекті мәрте 25 қазан Республика күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылған болатын. Биылғы жылы 10 әулет қатысқан байқаудың қорытындысы қазан айының 11-і күні аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара ретінде аталып өтілді.

Мерейлі отбасыларға тоқталар болсақ, көпбалалы, өнегелі аталымымен марапатталған Испусиновтар әулетінің отанасы Орын Бошанқызы Мақат жұмысшылар жабдықтау бөлімінде көп жылдар бойы есепші болып қызмет атқарған. 80 жасына қараған шағында дүниеден озған жолдасы Балтабек Байжанұлы 40 жылдай теміржол саласында еңбек еткен. Зейнеткер боп отырған ана 7 қыз, 1 ұл дүниеге әкелген. Бүгінде қыздарын қияға, ұлын ұяға қондырып, 30 жиен мен жиеншар, 5 немере сүйіп отырған бақытты әже.

img_4239

Көп балалы отбасы деген марапатқа ие болған – Айсағалиевтар әулеті. Әулеттің анасы Гүлназия Нұрғожина  Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген.  Орта мектепті аяқтағаннан соң көп жылдар бойы сауда саласында тер төккен. 1976 жылы Жансұлтан Айсағалиевпен тұрмыс құрып, өмірге 7 қыз, 1 ұл әкелген. 1996 жылы Мақат кентіне қоныс аударған ол «Алтын алқа» иегері.  Қазіргі таңда балаларының барлығы өз алдына отбасылы болып, олардан 29 немере-жиен көріп отыр.

img_4257

Көп балалы, парасатты аталымын алған Үмбетқалиевтер әулетінің бәйтерегі Жақсылық Үмбетқалиев Қызылқоға ауданы Қаттыкөл ауыл кеңесінің тумасы. Көп жылдар бойы жүргізушілік қызметін атқарған. Мақат аудандық кеңесі мен Мақат аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Жұбайы Назира Шынғалиева Мақат кентінде дүниеге келген ол «Күміс алқа» иегері. Ерлі-зайыптылардың 2 ұл, 4 қыздары және олардан 5 немере, 10 жиендері бар.

 img_4244

Үлгілі отбасы деп аталған Жұмағалиевтар әулетінің отағасы  Ахметжан  Сарыұлы көршілес Жылыой ауданының төл перзенті. Алматы мемлекеттік медициналық институтының түлегі. Көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында басшылық қызмет атқарған. Мақат  ауданының  Құрметті азаматы сонымен қатар биыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Жолдасы  Қансұлу Шихиева да  медицина саласында 40 жылдан астам  жоғары  санатты балалар дәрігері болып  еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын отау құрған олар, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, 6 жиен 10 немерені қызықтап отыр.

img_4248

Тағы бір үлгілі отбасы номинациясын алған - Есқазиевтер әулеті. Ғалымжан Есқазиев Мақат кентінде көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жүргізуші мамандығы бойынша қызмет атқарады. Сания Әділқызымен бас қосқан ол, 1 ұл, 1 қыздан, 3 немере-жиеннің атасы. Сәния Есқазиева Доссор кентінің тумасы. Х.Санбаев атындағы орта мектепте 36 жыл қызмет етіп келеді.

img_4263

Көп балалы, өнерлі Әбітовтер әулетінің әкесі Нұрлан Әбітұлы 2012 жылдан бері «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында 4-ші дәрежелі жөндеуші болып жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні Гүльфайрус Мұратовамен  2 ұл, 4 қызды тәрбиелеп отыр. Гүльфайрус Қайдарқызы Қызылқоға ауданы Қоныстану селосында дүниеге келген. 2004 жылдан күні бүгінге дейін «Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешенінде» музыка пәнінің жоғары санатты мұғалімі болып жұмыс жасауда. «Күміс алқа» иегері.

img_4264

Жігерлі деген ерекше аталым Кенжеғалиевтер әулетіне тапсырылды. Сайран Кенжеғалиев  2001 жылы «Индер» мұнай айдау стансасының басшысы, 2005 жылы «Мұнай-энерго құрылыс» компаниясында бас инженер, 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «КаспийҚұбырКонсорциумы» Ақционерлік қоғамында «Теңіз» мұнай айдау стансасында қызмет атқаруда. Жары Гүлжанат Нығымашевамен күміс тойын тойлап, 5 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Гүлжанат Өсерқызы «Мақат» мұнай айдау стансасында химиялық талдау зертханашысы.

img_4269

Көп балалы, теміржолшылар деген марапат Қаржауовтар әулетіне тапсырылды. Шайзада Қаржауов алғаш еңбек жолын 1973 жылы шілде айында Мақат техникалық бақылау пунктінде вагон қараушы болып бастап, сол жерден зейнетке қалған. Жанұяның ұйытқысы Бибіажар Өтеуова Қызылқоға ауданы Сағыз селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол да ғұмыр бойы Мақат кентіндегі техникалық бақылау пункітінде вагон қараушы болып еңбек еткен. Жолдасы екеуі 1 ұл, 5 қыз өсіріп, олардан 4 немере, 17 жиен және 2 шөбере сүйіп отыр.

img_4252

Білімді отбасы деп танылған Дюсовтердің отағасы Елтай Досқайырұлы бұрынғы Ембі ауданы, Құлсары кентінде дүниеге келген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін көлік саласында қызмет еткен және жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Жары Айша Есболқызы екеуі 1 қыз, 2 ұлдың ата-анасы.

img_4260

Көпбалалы, спортшы әулет номинациясының иегері – Жүгінісовтер отбасы. Әмірхан Жүгінісов Өзбекстан Республикасы Нөкіс қаласында туған. Қазіргі таңда Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, еркін күрестен жаттықтырушы. Жұбайы Замира Ділекеева да Өзбекстан Республикасы Нөкіс қаласының тумасы. Бүгінгі күні «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратында» жетекші маман қызметін атқарады. Ол 2 қыз, 3 ұл өсірген көпбалалы ана.

img_4270

Он отбасының барлығына Ринат Хисаұлының алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Марапаттау сәтінен кейінгі концерттік бағдарлама Бекзат және Гүлнәр Арыстановтардың «Жас қалам» әнімен ашылды. Кейін Думан Құрмашев «Әкесіз ұл», Данияр Еримов «Ардақты ана» және Бисенбай Әкімгереев «Дүнген қызы» әндерін орындады. Раушан Әлиеваның шырқауындағы «Жайнай бер жастар, жаңаша» әнімен көптен күткен марапаттау кеші қорытындыланды.                  

                                                                                                                           А.Жұмабекұлы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT