Ауданда жас мерген сайысы өтті

(0 Votes)

Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінде аудандық «Жас мерген» Президенттік көпсайысы өтті. Сайыс салауатты өмір салтын насихаттау және әскерге дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына дайындауды мақсат етті. 

Жарысқа аудан мектептерінің 7-9 және 10-11 сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Сайыскерлер пневматикалық мылтықты 10 метр қашықтықтан тұрып ату және дәл сол қашықтықта тұрып қолды тіреп ату бойынша бақ сынасты. Атысты орындау уақытын есептеумен және нысанаға түсуді суммациялаумен әрбір жағдайдан бір-бірден ату жүргізілді.

Жастардың ептілігін тексеруге бағытталған жарыстың қорытындысында 7-9 сыныптар арасында О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушылары Түгелбай Темірлан және Динара Берген І орын, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әлихан Бауеден және Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешенінің оқушысы Альбина Серікқалиева ІІ орын, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушылары Нұрдаулет Ұзақбай және Нұргүл Көпжасар ІІІ орын иеленіп, оқ бойы озық шықты.

Ал 10-11 сыныптар арасында О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Ислам Сағынбай және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әсел Есқайыр І орын, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрхат Асхатұлы және О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Аружан Жақсылық ІІ орын, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Оралбек Тілесбек және Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Сабина Садыр ІІІ орынмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521