Мақтааралдықтарға Доссордан көмек жолданды (Видео)

(0 Votes)

"Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!",- демейді ме Абай. Әр қазағын жалғызым деп білетін аудан тұрғындары оңтүстіктегі қиын жағдайда қалған ағайынға көмек қолын созды.

Еріктілер бастаған бұл бастамаға қолындағысымен бөлісемін дегендерге  әлеуметтік желілерде алдын ала ескертілген болатын.

2012356481

Еліміздің түкпір-түкпірінен жіберіліп жатқан азық-түлік пен киім-кешектің және басқалай да қолдаудың тізімін толықтырған жерлестер бесінші мамыр күні Доссор кентінде төбе көрсетті. Бір үзім нанын бөле жеген текті бабаларымыздың бойындағы ізгі қасиет кешелі бері қайта жаңғырып жатыр. Біреу қолындағы киім-кешегін, бірі тағамдай, енді бірі  қаржылай қолдау танытып ат салысуда.

Талайға демеу болып жүрген "Демеу" қайырымдылық дүкеніндегі киімдердің жартысынан көбі тиеліп, "Үміт-АРТ", "АСАР", "Иман жастары" секілді еріктілер тобы да қол ұшын соза білді.  Ауданымыздың ақ сәлемі тиелген үш бірдей жеңіл жүк көлігі бүгін Атырау қаласы арқылы Түркістан облысына жол тартпақ.

Қасиетті Рамазан айында отандастарымыздың жүгін жұмыла көтеріп, жеңілдетуге ниеттеніп жатқан әр азаматтың ісі Алласынан қайтары анық. Жаратқан осындай  ауызбіршілігімізден айыра көрмесін! 

А.САДЫКОВ   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT