Мақатта сот процестері онлайн түрде өтуде

(0 Votes)

Елімізде Короновирус індетіне қарсы  жарияланған төтенше жағдайға байланысты сотқа келушілердің  денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сот жүйесі өз жұмыстарын еш тоқтаусыз, онлайн түрде қашықтықтан жұмыс жүргізіп отыр.

Барлық сот отырыстарын тек «TrueConf» мобильдік бағдарламасымен бейнеконференция  байланыс  арқылы өткізуде. Тараптар смартфон ұялы телефондарына  «TrueConf»   бағдарламасын жүктеп алса болғаны, алайда  еліміздің  сот жүйесінде  жаппай қолданып жатырғандықтан  техникалық  ахауларға  байланыста нашарлапта жатады. Осы кезде  ІТ  қызметкерлері өз  жұмыстарын мүлтіксіз  жүргізіп отыр. 

Сотқа қатысушы тараптардың  осы кезде өз мобильдік телефондарын күні бұрын  әзірлеп, яғни ол ұялы телефонның жедел жадысы кем болуы, телефонның қуат күшінің отырып қалуына мобильдік қосымшаның  қалыпты  жұмыс жасауына кедергі келтіруде. Осындай  немесе басқа да техникалық жағдайлар  орын алғандықтан  сот отырыстары  ойдағыдай өтпейтіні  түсінікті, оның артынша  сотқа қатысу тараптардан сот қызметкерлеріне  жағымсыз пікірлер айтылып қалатыны да анық. 

Сондықтан, Сот төрелігі барлық тұрғындарды адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығын уақытша жағдайға түсіністікпен қарап, онлайн сот отырыстарын жақсы деңгейде  өтуіне барынша қолғабыс жасауға, кінәні  тек соттардың  техникалық  қамту қызметінен іздемей, қолдау көрсетейік.    

 Соттасатын уақыт емес, сондықтан дауласып қалған адамдардың арасындағы дауды сотқа жеткізбей, оны әрі қарай ушықтырмай, бітімгершілікпен, ымыраға келген жөн. «Тәртіпке бағынған құл болмайды»  демекші сабырлық  танытып,  тәртіпке бағынып,  өзіңіздің де, өзгенің де денсаулығын  сақтаңыз. Үйде болыңыз!      

 

Э.Журханова

Мақат аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT