Мақаттық мұғалімдер вакцинациялаудан өтті

(0 Votes)

Мақат ауданында СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцинацияны екінші лектегі адамдар қабылдады.

Наурыз айының 11-і күні аудандық орталық ауруханада бұл жолы білім саласының 15 маманы денсаулығын тексерістен өткізгеннен кейін екіге бөлініп екпе алды.

71404911-d3ef-4f33-b0b5-19e753ae6047

«Білім беру бөлімінің мекемесінде қызмет етемін. Қазір коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын алып тұрмын. Екпе егілгеннен кейін жарты сағат күту залында дәрігерлердің қарауында болдым. Денсаулыққа шағымым жоқ. Біздер балалармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын болған соң болашақ ұрпақтың қамы үшін барлық әріптестерімді екпе алуға шақырамын», -деді  ұстаздар қауымын бастап келген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

dae2f5cc-48b8-472c-853a-85d24083592a

Мақат аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Әйгерім Алпанованың айтуынша,екпе алған адамға басқа екпелерді алғандағыдай алдағы 3 күн ішінде суға түсуге, спортпен айналысуға және ішімдік ішуге болмайды. Ал температура көтерілген жағдайда парацетамол дәрісін ішу керек.

14a2a3f0-3e42-4f8a-9983-049794855a9c

Вакцинациядан өткендер алғашқы лектегі адамдар секілді 21 күннен кейін екінші дозаны салдыртады. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, нәтижесінде адам ағзасындағы антиденелер саны артады. Бірақ дәрігерлер екпе алған адамдар санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыра беру керектігін алға тартады. Өйткені КВИ-дан қорғанудың толық кепілдігін ешкім бере алмайды.

Айта кететіні, «Спутник V» - өткен жылдың аяғында пайда болған, қазіргі таңда әлемнің 50-ден астам мемлекеті қолданып үлгерген ресейлік вакцина.

                                                                                                                                                   А.Есжан

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT