Мақатта Жеңіс күні онлайн тойланды(+ВИДЕО)

(0 Votes)

Әлемді жайлаған коронавирус Жеңіс мерекесіне де тежеу болды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты 9 мамыр күні әдеттегі шерулер ұйымдастырылмады. Дегенмен Бейбіт күннің орнауына үлес қосқан жандарды құттықтауға арналған шаралар легі онлайн жалғасты.

Бабалар рухына тағзым еткен бүгінгі ұрпақ әлеуметтік желілер арқылы мерекелік көңіл-күйді сезіндірді. Мерекеге арналған онлайн жобалардың бірін жүзеге асыруға аудандық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.

#Qaharman челенджін ұйымдастырып, майдангерлердің ерлігін жазып, мақтаныш етті. Аудан жастары шарадан шет қалмай, отан үшін отқа түскен ардагер аталары туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, орталық жастары Нұржамал Жұмашқызының “Ана туралы баллада” атты өлеңін оқып, көрермендерге ұсынды. Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің сырнай аспабының оқушылары Л.Книппердің "Полюшко-поле" және Сағындық Нұрбибінің жеке орындауындағы Блантердің "Катюша" шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеді. Әрі вокал сыныбының оқытушысы Алтынай Биманова "Ана туралы баллада" әнін ұсынды.   

      

Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері Жақсыгелдi Сейiлов пен Аманжол Шамкеновтың әні мен сөзіне жазылған «Ана туралы баллада» шығармасына бейнебаян түсірді. Әнін халықаралық байқаулардың лауреаты Аружан Хасанова орындап, көпшіліктің көзайымына айналды. Сондай-ақ, білім беру ұялары да онлайн ашық сабақтар, челлендждер ұйымдастырып, батырлардың ерліктерін еске алды. 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521