Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы халықаралық ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу барысында iPhone иелеріне бағытталған интернет-алаяқтықты жасаудың жаңа тәсілін тіркеді.
Шетелдік ақпарат көздерінің деректері бойынша (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-itwas-found/, https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphonefalshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) Швейцария Ұлттық киберқауіпсіздік
орталығы (NCSC) жоғалған немесе ұрланған iPhone иелеріне бағытталған фишингтік шабуылдардың жаңа толқыны туралы ескертеді.
Құқықбұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMS немесе iMessage жолдайды, хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі
көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығы туралы әсер көрсету факторын қолданады.
Хабарлама Apple Find My ресми парақшасына ұқсас жасақталған жалған парақшаңа сілтеме бар, ол арқылы пайдаланушыдан смартфонның «орналасқан
жерін көру» үшін Apple ID-не кіруін сұрайды, нәтижесінде киберқылмыскерлер Apple белсенділігін бұғаттауды алып тастауға қол жеткізеді.
Қауіп-қатердің бұл түрі шетелде енді ғана пайда бола бастағанын ескере отырып, көпшілікті интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы хабардар ету
және оны ескерту бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамыз. Сонымен бірге, Комитет бұл қауіп-қатер туралы ақпаратты Бас
прокуратураның ресми интернет-ресурсында орналастырғанын хабарлаймыз (Баспасөз хабарламасы қоса беріледі).
Бұл ақпарат одан әрі жарияланған жағдайда Комитеттің Қылмыстық қауіпқатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығын дереккөз
ретінде көрсетуді сұраймыз. Хатты қарау нәтижелері мен қабылданған (қабылданған) шаралар туралы
ақпарат а.ж. 28 қарашасынан кешіктірілмей күтіледі.
Қосымша: баспасөз хабарламасы 2 парақта.
Төрағаның орынбасары Е. Ахметов


