Құрылысшылардың еңбегі – ел дамуының айнасы

(0 Votes)

2025 жыл –  елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – ел экономикасының негізін қалаушы еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет. Бұл бастама қоғамдағы жұмысшы кәсіптердің беделін арттырып, елдің тұрақты дамуына үлес қосатын мамандарды қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Осы тұрғыда құрылысшы мамандығының орны ерекше. Құрылыс саласы – мемлекет инфрақұрылымын дамытатын, жаңа нысандарды, тұрғын үйлерді, әлеуметтік объектілерді бой көтертетін негізгі күш. Құрылысшы – әрбір елді мекеннің өсіп-өркендеуіне өз еңбегімен үлес қосатын, жауапкершілігі жоғары, сұранысы ешқашан төмендемейтін мамандық өкілдері.

Бүгінде жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби шеберлігі қалыптасқан құрылысшылар – экономиканың стратегиялық салаларының басты тірегі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» осы сала мамандарын қолдауға, жастарды құрылысшы болуға ынталандыруға үлкен серпін береді деп сенеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT