Атырауда бизнесті қорғау тетіктері талқыланды

(0 Votes)

Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен инвесторлар мен бизнес субъектілеріне арналған дәстүрлі форум өтті.

Жыл сайын өткізілетін бұл басқосу өңір кәсіпкерлері үшін ғана емес, жергілікті билік пен қадағалау органдары арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналғаны анық. Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев төрағалық еткен жиынға кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, өңірдегі бизнес ахуалын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Ел экономикасының берекесі кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей байланысты екені белгілі. Сондықтан жиында бизнес өкілдері мен атқарушы билік арасындағы өзара байланыс, әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуын болдырмау мәселелері кеңінен сөз болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT