Атырауда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау өтті

(0 Votes)

Бүгін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған облыстық салтанатты марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жалпы 30 маман өз еңбегі мен жетістіктері үшін марапатталды.

Аграрлық салада ерекше көзге түскен қызметкерлерге «Еңбек даңқы» ордені, «Құрмет» ордені, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің алғыс хаты мен облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Марапат иелерінің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, олардың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар ауыл шаруашылығы саласының өңір экономикасындағы маңызын атап өтіп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT