Сарайшықтағы симпозиум: Ғалымдар көне қаланың құпияларын терең зерделеуде

(0 Votes)

Атырауда басталған халықаралық ғылыми симпозиумның екінші күні бүгін тікелей Сарайшықта жалғасты. Кеше ортағасырлық қаланың тарихи мұрасы мен зерттеу әдістемелері жайы кеңінен талқыланса, бүгін шетелдік және қазақстандық ғалымдар көне қоныстың нақты нысандарын аралап, археологиялық жұмыстармен танысты.

АҚШ, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан келген мамандар алдымен жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының барысын көрді. Стратиграфиялық қабаттарды зерделеу нәтижелері таныстырылып, «Сарайшық» сапар орталығының жаңартылған экспозициясы көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT