Ағымдағы аптада «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы шеңберінде ауыл аумағында көше тәртібін сақтау және тұрмыстық қалдықтарды ретсіз тастау фактілерінің алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға учаскелік полиция қызметкерлері мен округтің жауапты мамандары қатысып, бірқатар көшелер мен қоғамдық аймақтарды аралап шықты.
Рейд барысында экологиялық талаптарды бұзу, қоқысты белгіленбеген жерге тастау, қоршаған ортаға немқұрайлы қарау фактілері бойынша электронды планшет арқылы ескертулер жасақталды. Бұл жүйе тұрғындарға жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тәртіп бұзушылықтарды онлайн тіркеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар тұрғындарға санитариялық талаптарды сақтау, көшелерді таза ұстау және өз ауласындағы реттілікті қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты — аймақтың экологиялық мәдениетін көтеру, тұрғындардың жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғау бағытындағы ортақ жұмысты күшейту.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдың тазалығы мен тәртібін сақтауда маңызды рөл атқармақ.
Кәмшат ӘБІШ


