ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Азаматтық орталықтың жұмысымен танысты

(0 Votes)

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атырауға іссапары барысында Азаматтық орталық мекемесінің жұмысымен танысып, бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында вице-министрге орталықтың негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа бастамаларын қолдауға бағытталған жұмыстары туралы айтылды. 

 

 

Сондай-ақ, мәдениет бағытында белсенді қызмет етіп жүрген ҮЕҰ өкілдері өз салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады.

 

 

Іс-шара барысында «Golden Steppe EXPLORERS» қоғамдық қорының жетекшісі Ержан Нұрпейісов Атырау өңірінің табиғи көріністері бейнеленген жеке фотокөрмесін көпшілік назарына ұсынды.

 

 

Сондай-ақ ол өңір жастарының шығармашылық әлеуеті мен азаматтық белсенділігі туралы айрықша атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT